Валюта болжамы: 1 қаңтар – 5 қаңтар

Inbusiness оқырмандарға теңгенің доллар, рубльге, юаньге және еурога қатысты бағамы бойынша апта сайынғы валюта болжамын ұсынады

Доллар
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Доллардың жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Рубль
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Рубльдің жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Еуро
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Еуроның жалпы болжамы, $

Сарапшылар
Юань
Біздің сарапшылардың болжамы
Болжам жоқ

Юанның жалпы болжамы, $

Сарапшылар

Atameken Business Channel теңгенің долларға және рубльге қатысты бағамына арналған кезекті апталық валюта болжамын оқырман назарына ұсынады (1 қаңтар - 5 қаңтар).
 

АҚШ долларымен валюталық жұпты құрайтын теңге 2018 жылдың алғашқы аптасын нығаюдан бастайды. Аbctv.kz сауалнамасына жауап берген бірқатар сарапшы осындай жағымды пікір білдіріп отыр.

Сарапшылар («Альпари» компаниясы, «ФИНАМ» компаниялар тобы,«АНАЛИТИКА Онлайн Қазақстан» және IFC Markets) энергия тасымалдаушылар бағасының жоғары болуы қазақстандық теңгенің күшеюіне әсер ететін фактордың бірі деп бағалауда. Ал IFC Markets және «Астана-Инвест» инвестициялық үй» АҚ сарапшылары Солтүстік теңіз бен Ливиядағы құбыр желісіндегі қиындықтар мұнай бағасын белгілеуге айтарлықтай әсер етеді деген пікірді алға тартып отыр. Сонымен қатар «Астана-Инвест» инвестициялық үй»  компаниясының сарапшысы алдағы жылы «қара алтын» бағасының өсу тұрақтылығына күмәнмен қарайтынын айтты. Оның ойынша, америкалық қатпарлы мұнай өндірушілердің мұнай өндіруді арттыруы бұған басты себеп болуы мүмкін.

Ал қысқамерзімді болжамдарға келер болсақ, онда теңгенің нығаюына тағы бір себеп­ - АҚШ долларының басқа валюталарға қатысты бағамының әлсіреу фактісі болмақ. IFC Markets және «Телетрейд Групп», «Астана-Инвест» Инвестициялық үй» АҚ сарапшыларының айтуынша, 2018 жылдың алғашқы аптасында осы тенденция сақталатын болады. Мұның теңге үшін тиімді болатыны айтпаса да түсінікті.

Жалпы сарапшылар қаңтар айының алғашы күндері айтарлықтай құбылмалық пен қандай да бір оқиға болады деп болжап отырған жоқ. Үш сауда күні тыныш өтуге тиіс.

Сарапшылардың толық пікірін abctv.kz дайындаған төмендегі кезекті сауалнамадан оқи аласыздар. 

Наталья Мильчакова, «Альпари» компаниясы сараптамалық департаменті директорының орынбасары:

1 қаңтар  – 5 қаңтар

2017 жылдың қорытындысы бойынша теңге ең табысты валюталар құрамына кірмейтіні анық. Осылайша 2016 жылдағы барлық өсу босқа кетті. 2017 жылдың басынан бастап теңгенің долларға қатысты бағамындағы теңесу  небары 0,3% ғана болды. ЖІӨ мен өнеркәсіптік өндірістің  көрсеткіші қанша жоғары болса да, теңге бұдан артық  нығаймады. Бұған әзірге жоғары болып тұрған инфляция әсер еткен сияқты. Қазақстандық валютаның динамикасы ресейлік рубльмен тікелей байланысты, оның долларға шаққандағы құны да нығайған, бірақ та бар болғаны 3% ғана. Теңгенің ресейлік рубльге қатысты бағамы жыл басынан бері 2,4%-ға төмендеген. Ал еуроға қатысты бағамы жыл басынан бері  едәуір азайып, 12%-ды құраған. Осы ретте ресейлік рубльдің де еуроға қатысты бағамы 8,5%-ға төмендегенін атап кеткен жөн. Теңге мен рубльдің бұл динамикасына еуроның долларға қатысты бағамындағы өсудің (жыл басынан бері  13%) жоғары болғаны себеп.

2018 жылдың алғашқы онкүндігінде теңгенің долларға шаққандағы бағамы 331-334 теңге, ал еуроға қатысты бағамы 393-397 теңге, рубльге қатысты бағамы 5,74-5,8 теңге шамасында болады деп отырмыз. Теңгенің нығаюына мұнай бағасының жоғары болуы көмек. Теңгенің күшеюіне ішкі және халықаралық жағымсыз оқиғалар кедергі болады. Алайда жаңа жыл қарсаңында айтарлықтай жағымсыз оқиға болады деп болжап отырғанымыз жоқ. Сонымен қатар қаржы саласының 2018 жылы макроэкономикалық көрсеткіштер жақсы болады деген болжам да теңгенің нығаюына ықпал етеді. Келер жылы мұнай бағасы жоғары болса, теңгенің доллар мен еуроға қатысты бағамы біршама өседі деп ойлаймыз.  

Сергей Дроздов, «ФИНАМ» компаниялар тобының сарапшысы:

1 қаңтар  – 5 қаңтар

Америкалық индекстер екінші сауда сессиясында да бейтарап динамиканы аңғартты. Рождество мерекесінен кейін ашылған еуропалық биржа алаңдары да қандай да бір жақсы көрсеткіш көрсетпеді. Қазір ойыншылар 2017 жылды осы қарқынмен аяқтамақшы, қор нарығына арналған жаңа идеялар мен драйверлер 2018 жылы пайда болады.

Алдағы өткен сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы 0,65%-ға төмендеді. API-дің жарияланған мәліметтері АҚШ-тағы шикі мұнай қорының 6 млн баррельге төмендегенін көрсетті, ал бұл сарапшылардың болжаған көрсеткішінен жоғары болды. Олар шикі мұнай қоры 3,9 млн баррель деп болжаған еді. Ал бензин қоры тәулігіне 3,1 баррель қосып алды.

Тап қазіргі уақытта Brent маркалы мұнай жергілікті қолдаумен бір баррель үшін 66 доллар болып отыр.

Алдағы аптада теңгенің негізгі үші валютаға қатысты бағамы, яғни рубльге қатысты бағамы 5,6-5,8 теңге, долларға қатысты бағамы 330-332 теңге, еуроға қатысты бағамы 392-395 теңге болады деп отырмыз. 

Серік Қозыбаев, «Астана-Инвест» инвестициялық үйі» АҚ инвестициялық талдау бөлімінің басшысы:

1 қаңтар  – 5 қаңтар

Солтүстік теңіздегі құбыр желісінің қиындықтары мұнай бағасының өсуіне әкелді, ал бұл рубль мен теңгеге қолдау болды. Бірақ мұнай бағасы келесі жылы тұрақты болады деуге болмайды. Осы орайда америкалық «қатпарлы» мұнай өндірушілердің бар екенін ұмытпаған дұрыс. Олар қазіргі  мұнай бағасына қарап өндіруді арттыруы мүмкін. Ал ұсыныстың көп болуы бағаның төмендеуіне әкеледі.

Америкалық доллардың негізгі әлемдік валюталарға қатысты бағамы әлсіреуде, ал бұл рубль мен теңгеге жақсы көмек.

Биткоин бағасы 2017 жылы 19 есе қымбаттады. Бірақ та егер осы криптовалютаға қатысты негізгі оқиғаларды сараптайтын болсақ, онда биткоин дәуірі өзінің шырқау шегіне жеткен сияқты.

Алдағы жылы 19 есе болады деп болжауға болмайды. Әрине бағаның өсуіне немесе төмендеуіне әсер ететін бірнеше факторлар мен жаңалықтар болады. Бірақ та біз қысқамерзімді келешекте, яғни алдағы аптада биткоин бағасы түседі деп ойлаймыз. 

Михаил Цой, «АНАЛИТИКА Онлайн Қазақстан» компаниясының бас қаржы сарапшысы:

1 қаңтар  – 5 қаңтар

2018 жылдың алғашқы аптасында теңге төмен құбылмалықты көрсетеді. Бұл сауданың 3 қаңтар күні ғана басталатынымен байланысты. Ал алдағы аптада бағамға әсер ететін оқыс оқиға болмайды. Алайда теңге бағамы мұнай бағасына тәуелді болады. Осыған байланысты USD/KZT жұбы 330-335 теңге шамасында саудаланатын болады. RUR/KZT жұбы келесі аптада тағы да өсіп, 5,7-5,9 теңге шамасында саудаланады. 

Олег Богданов, «Телетрейд Групп» компаниясының бас сарапшысы:
 

1 қаңтар  – 5 қаңтар

Осы жылдың соңына қарай америкалық доллардың әлсірегені байқалды. Доллар индексі шамамен 2% жоғалтып, 92,7 деңгейіндегі көрсеткішке түсті. Соңғы аптада америкалық валютаға қатысты аустралиялық, канадалық доллар, ресейлік рубль көтерілді. Бұл тенденци қазақстандық теңгеге де қатысты. Доллардың әлсіреуі соңғы ФРЖ отырысынан кейін байқалды. Келесі жылы пайыздық мөлшерелеме үш рет өседі деп жоспарланып отыр.

Ал бұл экономикасы дамушы елдердің валютасын сатып алуға белгі болды. Америкалық доллардың әлсіреуіне макроэкономикалық статистиканың болжағанынан нашар болуы да тағы бір себеп болды. 2018 жылдың алғашқы аптасында америкалық доллардың әлсіреуі одан әрі жалғасады. Жұма шешуші күн болады, өйткені бұл күні АҚШ-тағы жұмыссыздық туралы есеп шығады. Алдағы аптада қазақстандық теңгенің долларға қатысты бағамы нығайып, рубльге қатысты бағамы әлсірейді. Рубльге қатысты бағам 5,8 теңге, долларға қатысты бағам 330 теңге, еуроға қатысты бағам 390-395 теңге болады. 

Дмитрий Лукашов, IFC Markets компаниясының сарапшысы:
1 қаңтар  – 5 қаңтар

Теңге бағамы екінші апта қатарынан нығаюда. Бұған әлемдік нарықтағы мұнай бағасының қымбаттауы мен қазақстандық экономиканың жақсы көрсеткіші қолдау болып отыр. Сондай-ақ америкалық доллардың дамушы елдердің валютасына қатысты бағамы әлсірегені де қосымша себеп болуда. Жаңа жылдан кейін де теңге нығаяды деп ойлаймын. Валюта нарығындағы құбылмалық бір доллар үшін 328-335 теңге, рубль үшін 5,68-5,79 теңге болады. Рубльдің нығаюы баяулайды, өйткені инвесторлар қосымша ресейге қарсы  санкцияларды күтеді. Ал АҚШ қаржы министрлігі мұны 2018 жылдың үшінші ақпанында жариялайды деген болжам бар. 

1 қаңтар  – 5 қаңтар

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу